25 мая, 18:00
"Майский вечер с виолончелью"

2019 жылғы 25 мамырда театрдың Камералық зал сахнасында виолончельге арналған музыка кеші өтеді. Концертке қазақстандық виолончелист Сәния Дүркеева, Цюрих өнер университетінің профессоры Орфео Мандоцци(Швейцария) және «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі қатысады. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

 

Сәния Дүркеева – П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының түлегі (профессор, Ресейдің Халық әртісі И.Гаврыштың сыныбы). Қазіргі таңда Цюрих өнер университетінде өзінің орындаушылық шеберлігін жетілдіруде.

Алғашқы жеке концерті 2013 жылы Цель-ам-Зее қаласында өтті (Австрия). Жеке орындаушы-музыкант ретінде ғана емес, Австрия, Франция, Швейцария, АҚШ, Ресей, Қазақстан залдарында түрлі камералық оркестр құрамында да өнер көрсетеді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі-2017» жобасының жеңімпазы.

 

Орфео Мандоцци – швейцариялық виолончелист. Өз есімін тұңғыш рет «Евровидение» жас музыканттар байқауында паш етті. Ұлттық байқаулардың, сонымен бірге И.Брамс атындағы (Перчах, Австрия) және UFAM байқауының (Париж, Франция) лауреаты.

Солист ретінде белсенді түрде өнер көрсетіп, Николай Цнайдер, Юлиан Рахлин және Юрий Башмет сынды атақты музыканттармен бірге концерт беруде. Әйгілі дирижерлер – Фабио Луизи, Кристьян Ярви және Михаил Юровскиймен ынтымақтастықта қызмет етеді. Оның орындаушылық мәнерін музыка білгірлері өте жоғары бағалайды: «…жаныңды баурайтыны соншалық, тұла бойыңды еліктіреді».

1675 жылы Кремонада шебер Франческо Руггеридің қолынан шыққан аспапта ойнайды. 1999 жылдан бастап Цюрих консерваториясы мен Вюрцбург жоғары музыка мектебінде ұстаздық етеді.

Кеш бағдарламасына классик-композиторлардың шығармалары енген.

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады