24 марта, 19:00
"ОТЕЛЛО"

Режиссері – Талғат Теменов,

Қазақстанның Халық артисі, профессор

Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов,

Қазақстанның Мәдениет қайраткері

Киім үлгісінің суретшісі – Шынар Елембаева

Хореограф  – Салтанат Жолымбаева

Сахна сайысын қойған  - Михаил Вишневский  \Ресей\

Музыкамен көркемдеген – Талғат Теменов

 

 

Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін таныту, жүрек пен сезім арасындағы қайшылық өмір мен өлім арасындағы тайталасқа қалай ұрынғанын Шекспирден артық кім суреттейді!

Отелло - әлемдік әдебиет галереясында күшті қаһарманның бірі, ол нағыз ер азамат бола тұрып, нақақ жаланың қаруы мен құрбанына айналды. Осынау баянсыз ғашықтықтың күйігі мен наласы жер бетінде ауық-ауық қайталана беретінін ұлы ағылшын жазушысы айғақтайды.

«Отелло» - Ұлы шығарма!