19, 20 января
"«Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі"
Қыз Жібек (этно-фольклорлық музыкалық қойылым)

Автор: Ғ. Мүсірепов, Е. Брусиловский

Режиссер: А. Маемиров Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін «Қыз Жібек» қазақтың лиро-эпостық жырының жауһары.

Трагедия кейіпкерлері Жібек пен Төлеген әлемге әйгілі Ромео мен Джульеттадай қазақ халқы үшін махаббаттың символы іспеттес. Оқиғалар негізінен жас батыр Төлеген, Қыз Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ...

Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын қойылымда ұлттың өмірі мен тығыз байланысты дәстүрлер де - бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. – жақсы көрініс тапқан. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. Дала театрының негізінде сахналанған этно-фольклорлық мюзиклден көрермен қазақ халқының ұлттық дәстүрімен етене танысуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, спектакльде қос ақынның сөз тартысы, ой қақтығысымен қатар суырыпсалмалық қабылетін дәріптейтін қазақтың ұлттық өнері ақындар айтысы орын алған.