22 февраля,19:00
"«ТАСБАҚА ҮМІТ»"

Үміт... Арман... Бақыт...

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда пенде біткеннің көксеп жүргені қандай Бақыт, аңсағаны нендей Арман, үзбейтіні қандай Үміт?..

Біздің күткен бақытымыздың құны, ел айтатындай, соншалықты қымбат па?..  Жоқ, БАҚЫТ үлкен болмайды екен. Оның мәні – түсіністікте, ұғысуда, бірін-бірі бағалауда... Сонда біз қай тұстан адастық?..