24 май, 18:30
"Театр 180"

  «Театр 180°»

\комедия\

Туынды авторы – Майкл Фрейн. Қазақ тіліне аударған – Әсел Асқарқызы. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев. Қоюшы суретшісі – Алма Әбілмәжінқызы. Дыбыс режиссер– Ернұр Балапанов.           

 

Кейіпкерлер  мен  орындаушылар: ЛлойдҚалдар Әли; ТимБидахмет Әли; Миссис Клакетт-ДоттиЖакилина Гульмира, екінші құрамда Валиева Альбина; Брук-ВикиАйымғазы Еңілік, екінші құрамда Талғат Айым; ПоппиЖанзакова Аида, екінші құрамда Бауыржан Орал; Белинда-ФлавияАғымбай Айша, екінші құрамда Макежанова Ақбота; Селздон –ҚарақшыАсылхан Нұржан; Фредерик–ФилиппАсқарбеков Бейбарс, екінші құрамда Кеңшілік Сұлтан; Гарри – Роджер Муслимов Нұржігіт.

Театрдың өзі өмір. Спектакль толық дайын болғанға дейін талай қызықтар мен әр түрлі кедергілер орын алатыны белгілі. Шекспир кезеңінен келе жатқан «театр ішіндегі театр» әдісін қолданған Майкл Фрейннің  кейіпкерлер мен актерлердің тағдыры байланысқан туындысы көрерменге сахна сыртындағы тылсым әлемге енуге мүмкіндік береді. Тығырықтан жол табу кезінде шынайы өмір мен сахна өмірін айыра алмай, комедиялық жағдайларға тап болған актерлердің әрекеттері шынайы күлкі тудырады.
                «Театр 180º» комедиясында труппадағы актерлердің шым-шытырыққа толы қарым-қатынасы көрініс табады. Әрбір кейіпкер үшін шынайы және сахналық өмір бір арнаға тоғысып, спектакльдің әрекетін комедиялық абсурд пен сатиралық гротескке жеткізеді.