Концерт «Салбурын» в Нур-Султане

Ата-бабамыздың ежелден бері келе жатқан салт-дәстүрлердің бірі – аңшылық-саятшылық өнер. Бүркіт баптап, тазы жүгірткен қазақтың төл өнері атбегі, құсбегі, саятшылық пен аңшылыққа қатысты ән- күймен тығыз байланысты болған.
«Қазақконцерт» ұйымының дәстүрлі әншілері аңшылық-саятшылық өнердің тамаша көріністерін жырға қосып, елордалық көрерменге «Салбурын» концертін ұсынады.
«Салбурын» дәстүрлі ән-күй кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанова; ҚР Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары АқеркеТәжібаева, Асқар Мұқият, Күнсұлу Түркпен, Нұрлытаң Ермек өнер көрсетеді.

«Қазақстан» ОКЗ камералық залында күтеміз.

 

Дата и время

2020-02-28 18:30
2020-02-28

 

Расположение

Мәңгілік ел, 10/1, Астана
 

Место проведения

ЦКЗ «QAZAQSTAN»
 

Типы Событий

Концерт

 

Поделитесь с друзьями

Меню